Ерекше балаларға арналған ерекше мерекелік концерт

Жетімдер мен мүгедектерге қол ұшын созып, көмек көрсету, оларға көңілді мереке сыйлау өте маңызды және қайырымды іс болып табылады. Осы орайда, Ұлыстың Ұлы айы наурыз мерекесін тойлауда «Қостанай психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған интернат-үйінде» мерекелік концерт өтті.

Концертті ұйымдастыруына курс басшылығы, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры Ж.К.Нұрмағанбетова мен педагогика және психология кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Н.Ж.Турсумбаева және курсанттар өз үлестерін қосты.

Бұл мерекелік концерттің бет ашары ретінде, Сүндет Бексұлтан, Қозмағамбетов Қажығали, Нуркушова Мадина, Ерболат Лашын атты курсанттарқазағымыздың қара домбырасынан күмбірлете күй төгіп, ерекше бүлдіршіндерімізді және олардың тәрбиешілірін бір серпілтіп, жылы лебіздерін тілеп ашып берді. Сонымен қатар 1 курс курсанттары Талғатқызы Диана және Танатов Батырхан концертімізді жүргізіп, ал Сәрсенәлі Рүстем, Тұрсын Ерсін, Жексентай Жанерке және 2 курс курсанты Андейчук Ольга өздерінің айтқан әндерімен отырған көрермендердің қуантқандары сонша, тіпті отырған балалардың көңілдері көтеріліп билепте алды. Концертіміздің жалғасы ретінде 1 курс курсанты Қажығалиева Диана өзінің өзбек биімен мекереміздің көркін әрі қарай қыздырды.

Мерекелік іс-шарада балаларға жылы лебіздер мен жақсы тілектер айтылып және сыйлықтарда таратылды, сондай-ақ осы ерекше бүлдіршіндерді тәрбиелеу үшін өзіне жауапкершілік алған адамдарға шын жүректен алғыс айтылды.

Интернат үйіне бару ерекше балаларға мерекелік сезім сыйласа, ал біздің курсанттар үшін қайырымды іске қатысудан жақсы көңіл күй және қуаныш сыйлаған күн болды. Бір сөзбен айтқанда, мереке балалардың көңілінен шықты.

Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Ж.К.Нұрмағанбетова

 

Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы,

 полиция аға лейтенанты

Н.Ж.Турсумбаева