Наурыз мейрамы!


Бүкіл түркі халқының жаңа жылы болып ерте жылдан саналған Наурыз мейрамында адамдар қытымыр қыстан шығып, шуағын шашқан көктемнің күндеріне аяқ басқандарына қуанып, мол дастархан жайылады.

Әрбір жылы Академиямызда Наурыз мейрамында түрлі көпшілік іс-шаралары өткізіліп, курсанттарымыз үшін 22-ші наурызда дастархан жайылады. Осы жылы да Әз Наурыз мейрамында асханада 2 курс курсанттарына арналған дастархан жайылып, курсанттар жылы тілек лебіздерін білдіріп, тілектерін айтты.

2 курс бастығы полиция подполковнигі Ә. Тажмұханов ас алдында курсанттарға Наурыз мейрамына құттықтау сөз айтып, осы көктем олар үшін табысты болып басталуын тіледі.

Мерекелік дастарханнан кейін курсанттар Мирас МҮ-не Наурыз мейрамына арналған мерекелік келіндер сайысын тамашалауға барды. Тартысты өткен сайыста 2 курс курсанттары қатысушыларға ерекше қолдау жасап, іс-шара соңында Мирас МҮ-нің қызметкерлерінен алғыс естіп қайтты.

Академия баспасөз қызметінің мүшесі
2 курс курсанты Д. Әділдәбеков
Бейне – редакторы
Р. Советказин