Адам құқықтарын сақтау бойынша тренинг

2018 жылдың 27 ақпаныңда Адам құқығы семинар аясында біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушыларымен «Құқық қорғаушы ұйымдар, оның қызметінің тарихы мен принціптері. Қазақстандағы адам құқықтары аясында халықаралық ұйымдардың рөлі» атты тренинг өткізілді. Тренингтің басты ерекшелігі тыңдаушыларды еркін сөйлеп, ойларын толық жеткізуге итермелейтіндігінде. Тренингті Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры А.Ақылбекова мен 2 курс магистранттары әділет майоры Қ. Жармухаметова және әділет капитаны Г. Скендировамен бірлесіп ұйымдастырылып өткізілді

Тренинг әдісі – бұл күндегі ең тиімді оқыту формаларының бірі. Тренингке адам құқықтары саласындағы мәселелі сұрақтар шығарылып, тұшымды жауаптар алынып, нәтижелерін тапты. Бұл жұмыстың тиімділігі қатысушылардың қызығушылықтарын оятқандықта.

Жұмыс қызықты, қатысушылар ризашылығымен тренингтің қорытындысы шығарылып, тренинг қорытындыланды.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер

кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры А. Ақылбекова