Сауабы мол іс жаса

Тәртіп сақшысы десе көпшілік көз алдына тек заңмен қудалайтын қатал, суық кейіпті адамды елестетуі мүмкін. Дегенмен, олардың да мейірімділері, жанашырлары да аз емес.

Солардың бірегейлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 101 – топ курсанттары Ақпанның 26 – да Қостанай қаласының «Дельфин» балалар үйіне барып, мекеменің айналасын және шатырындағы қарларды күреп, қоқыстардан тазартып, үйсіз – күйсіз қалған, ата – ана жылуына зәру балаларға жандары ашып, сауап іс жасап қайтты.

101 – оқу тобы кураторы ӘҚ және ӘҚ кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Аманат Мұрат «– өз  ұлдарымдай болып қалған бұл жігіттердің балалар үйіне барып, тазалық жұмыстарына көмектесіп қайтайық деген ұсыныстарына қуана – қуана келістім. Жігіттердің бұл қадамдары мені қатты риза қылды», –  деп ағынан жарылды.

Тұрсынбай Думанжан

3 – курс курсанты