«ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауы ең алдымен біздің мемлекеттің қарыштап дамуының бағдарын айқындаса, екіншіден, межеленген міндеттерді саралауға, ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Біз жыл сайынғы Елбасы жолдауын үмітпен күтуге дағдыландық. Жаңа мақсаттар мен міндеттердің, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайтары сөзсіз. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын жолдау біріншіден «Қазақстан-2050» даму стратегиясына, 100 нақты қадам Ұлт жоспарына негізделіп, 10 нақты міндеттерді алға қойып отыр. Осыған байланысты, 28 ақпанда курсанттардың арасында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру жұмысына арналған «Қазақстандықтардың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстел барысында оқытушылар мен курсанттар өзекті мәселелерді талқылады.

Әлеуметтік-гуманитарлық

пәндер кафедрасының аға оқытушысыполиция

капитаны А.Наурзбаева