Мені шабыттандырған қала —  АСТАНА

2018 жылдың 26 ақпанында Астананың 20 жылдығын мерекелеу барысында Академия курсанттары арасында мәтінді мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Бұл шараның мақсаты патриоттық тәрбие, рухани мәдениетін арттыру, сондай ақ көркем сөйлеуге қызығушылығын қалыптастыру және сөз мәдениетін дамыту.

Төреші құрамына кірген МҚП кафедрасының оқытушысы полиция капитаны С. Новотеева, ӘжТАД кафедрасының оқытушысы полиция майоры М. Абильмажинов, ТЖБ инспекторы полиция аға лейтенанты Е. Кишкентаев, ҚҚАҚжК кафедра бастығының орынбасары полиция майоры Г. Кажикова курсанттардың өнер көрсетуін жоғары бағалады: әртістік көркемдік, сауаттылық және сөйлеген сөйлеу мәнерлігін, туынды ойын айта білгендерін атап өтті. 1 және 2 орын алған курсанттар (Думан Тұрсынбай және Лашын Ерболат ) кезектен тыс босатылған құқығы ұсынылған сертификаттарымен марапатталды, үшінші орын алған жүлдегер (Уәли) тәтті жүлдемен марапатталды, «Гран-при» номинациясын 3 курс курсанты Джуган Владе алды.

Полиция майоры Р.Б. Аужанов

Полиция капитаны Д. Хусаинов

Астана – город, который меня вдохновил…

26 февраля 2018 года среди курсантов Академии был проведен конкурс чтецов, приуроченный к празднованию 20-летия Астаны. Данное мероприятие имеет своей целью повышение духовной культуры, патриотического воспитания, а также развития культуры речи и формирования интереса к художественному слову.

Жюри, в состав которого вошли преподаватель кафедры ГПД капитан полиции Новотеева С., преподаватель кафедры ВиТСП  майор полиции Абильмажинов М., инспектор ОВР старший лейтенант полиции Кишкентаев Е., заместитель начальника кафедры УиУИПиК майор полиции Кажикова Г. высоко оценило выступления курсантов: были отмечены артистизм, грамотность и выразительность речи, умение выразить идею произведения.

Курсанты, занявшие 1 и 2 места (Думан Турсынбайжан и Лашин Ерболат) были награждены сертификатами, предоставляющими право на внеочередное увольнение, призер 3 места (Уали Даулет) был награжден сладким призом, номинация «гран-при» досталась курсанту 3 курса Джуган Владе.

Майор полиции Р.Б. Аужанов

Капитан полиции Д. Хусаинов

 Ел Ордасы – Астана!

 Еуразия жүрегінде Астана,

Кеше ғана бой көтерген жас қала.

Бүгінде сөзін сөйлеп әлемге

Үлгі болып тұрғой әне баршаға.,

Астана, бала күннен арманымсың,

Күндіз есте, түнде түсте барғанымсың,

Шырайлы, көркіңе бір тояйын деп,

Кезіп жүріп, адасып та қалғаным шын.

Қазағымның ел ордасы – Астана,

Барлығына тіреу болған бас қала.

Көз тартатын кейібіңе қызығып,

Ғаламтордан қарай берем тамсана.

Әлем де астаналар көп дейді,

Бола берсін, бола берсін көп мейлі.

Сәулетімен астанадан озса да,

Бәрібір де суығына жетпейді.

Нью – Йорк пенен салыстырма астананы,

Астанам басып озад басқаларды.

Айналайын, бостан – босқа не қыласың

Қариямен жарыстырып жас баланы.

Тұрсынбай Думанжан

3 – курс курсанты

Асыл қалам

 Астанам, асыл қалам мақтанышым

Жас қалам, пана болған жастар үшін

Жамандыққа қимайсын, жауыздыққа

Найза ұшымен бабаларым сақтағасын

Самға Астана, Сарыарқа төріндегі

Қыран құсын қалықтасын көгіндегі

Өсе бер, көркейе бер, әсем қала

Ақындардың айтқан әрбір сөзіндегі

Шымкенттіктер қаптап кеткен бас қала

Бола білген – барлығына баспана

Кереметтей ғимараттар ғажайып

Жаңа ойлар, жаңа бағыт – Бастама

 Жел ұшырып ғасырлық шер- мұңымды

Тізгіндедім теңдесіз теңдігімді

Шаһарым меңінше бұл шартараптың

Сегізінші кереметі сен бүгінгі

Астанадай табылсынба жаһаннан жер

Алаштай, барма әлде қаһарман ел

Кемел елдің келбетін көргін келсе

Есілді бойлай біткен шаһарға кел

Ертеңін ұлтын сүйген ұлыңа сын

Қашанда еркіндіктің құны басым

Керіліп кербез далам көсіледі

Сезініп бостандықтың шұғыласын

 

Уали Даулет

3 – курс курсанты