Әрқашанда көмекке дайын курсанттар

15-ші ақпан күні 204 топ курсанттары  «Дельфин» балалар үйіне барып, үлкен көмек көрсетіп қайтты. Курсанттарды бастап барған 2 курс бастығының орынбасары полиция капитаны Д.Майшин курсанттармен бірге сәбилер үйінің айналасын толығымен қардан тазалап, тып-тыйнақтай етіп жинады.

Міне осындай ызғарлы күндерге қарамастан сәбилерімізге деген жанашырлықпен әрқашан көмек көрсетіп, бос уақытта қол ұшын тигізіп жүрсек оң істердің бір болары анық.   Сондықтанда осы сәбилерімізге көңіл бөліп, сыйлық сыйлап, олармен уақыт өткізіп ойнап, барып қайтатын болсақ олар үшін бұдан асқан бақыт болмас.

 Сонымен қатар курсанттарымыз сәбилерімізге ең керек деген киімдерімен, сыйлықтарды тарту етті. Ойын –сауық құрып көңілдерін көрсетткен курсанттарымыз сәбилерімізді әбден қуантып тастады. Оларға берілген бір жарым сағат бір жарым минуттай өтіп кеткенін өздері де байқамай қалған олар кездесу соңында сәбилерге бауыр басып қимай ғана кетті.

Осындай игі істер жалпы қоғам санасына сіңіріліп, атқарылып жатса керемет емес пе!

                                                                          Академия баспасөз қызметі.