ЖІҚ кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы «Сақшы-На страже» ғылыми үйірме мүшелерінің үйірмесі

2018 жылдың 7 ақпанында жедел-іздестіру қызметінің кафедрасы Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы халыққа жолдауынан кейін кафедраның «Сақшы-На страже» ғылыми үйірмесімен курсанттарға жолдауда көзделген негіздерге сәйкес әрі қарай бағыт-бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.   Барысында курсанттарға жолдауда нұсқалған бөлім мен тармақтардың ұғымдары, мәні мен талабы, шақыру бойынша іске асыру кезеңдеріне түсініктер берілді.

Отырыс барысында, «Сақшы-На страже» ғылыми үйірме мүшелері қызығушылық тудырған қажетті сұрақтарды қойып, тарапынан тиісті ақпараттарды алды. Отырыс соңында ең басты деп танылған мәселелерге берілген жауаптар бойынша курсанттар өздеріне келешекте ғылыми жұмысқа бағдар етіп алды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы да өздері Жолдауға сәйкес дайындаған мақалаларымен бөлісті. Жолдаудан бөлек ҚР ІІМ кеңейтілген Алқа отырысында қабылданған шешімдер де хабарланып, бұл жайында курсанттарға түсініктер берілді. Осындағы жұмыстардың мақсатын, маңызын, мәнін және де әдіс тәсілдерінен ақпараттар берілді. Сонымен қатар, аталған зерттеу жұмысына арнайы қатыстырылған мамандар мен практикалық қызметкерлер туралы да атап өтілді. Кездесу соңында осындай ұйымдастырылған іс-шараларға риза болған «Сақшы-На страже» үйірме мүшелері алғыстарымен бірге бұл сияқты отырыстардың көп болуына тілектерін білдірді.

ЖІҚ кафедрасының курсанттардың

ҒЗЖ жауапты полиция майоры Е.Токжанов