3 курс курсантарының оралуы.

2018 жылдын 4 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атыңдығы Қостанай академиясының 3 курс курсанттары қысқы демалыстан Академия аумағына оралды. Демалыс кезінде өздерінің жақын-туыстарымен кездесіп, өзінің қызметтік міндеттерін атқару үшін күш-қуат жинап келді.

Курс басшылығы бастауымен саптық байқау өткізілді. Саптық байқауда 3 курс бастығы, полиция подполковнигі Кусеубаев Азамат Браліұлы курсанттардын киім нысанын тексеріп, дене жарақаттарының бар-жоқтығын қарап, тізім бойынша тексеріс өткізді. Демалыс барысында  курсанттардын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасамағанын және де әскери қызметтік тәртіпті бұзудын орын алмауы туралы анықтады. Сонымен қатар алдағы жарты жылдық оқу барысында тәртіпті сақтап, жетістіктерге жете беруді тіледі.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі 

3 курс курсанты  Советов Бексұлтан