Авторлық ұжымның кезекті отырысы

Ғылым ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы, жалпы мағынасы. Осы орайда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы да заман ағымынан қалыспай, білім және ғылым саласында өз еңбегін атқарып жатқаны белгілі. Осы қара шаңырақтағы мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы да заман талабынан қалыс қалмауда. Биылғы жылы кафедра «Ішкі істер органдарындағы қызметкерлердің құқыққолдану қызметіндегі құқықтық мәдениет пен құқықтық сана» атты ғылыми ізденіс тақырыбын таңдады.

Бұл тақырыпты таңдаудың жолы да бекер емес. Заман ағымына сай келетін, құқықтық саналы және құқықтық мәдениетті қызметкер қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы. Осы салада құқықтың әліппесімен таныстыратын мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы авторлық ұжыммен өзінің жұмысын бастады.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы