Өтенов Бағдат Қаменұлына арнау!


Бойында бар мықтылық белді білім,

Мақтан қылып айтатын сәт келді бүгін.

Қаншама жыл елі үшін еңбек етіп,

Бейнетінің зейнетін көрді бүгін.

 

Мықтылықпен биікке өрлей тұғын,

Курсант үшін аянбай көрмей тыным.

Арамызда қызметте болмасада,

Бағдат дейтін есімі өлмей тұғын.

 

Аянбай қызметін ол биік қойып,

Көрседе ол өмірдің ащы дәмін.

Басшы болды ортада қаншама жыл,

Мықтылардың мықтысы басшылардың.

 

Спорттың ол жалауын көтеріп тік,

Биіктен құласада көтерілдің.

Еңбектерің мақтан ғып айта аламыз,

Бағдат Каменұлы Өтеновтың.

 

Дамуына спорттың үлес қосып,

Бар жігерін үйретуге салар дайын.

Тәрбиені денеден бастау үшін,

Жасап берген курсантқа бар жағдайын.

 

 

Қызмет етіп терлеген отан үшін,

Сіздей жанды ұрпағы ұлықтайды.

Еңбегінді қаншама адам ұмытсада,

Академия қабырғасы ұмытпайды.

 

Курсантқа ол бар күшін салып келген,

Әр курсантты жақсыға дәріптеген.

Қалады сол есімің мәңгілікке,

Жүректерде көп алтын әріптермен.

Сыр елінің жас ақыны

Әділ Ілияс