«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мәселесіне байланысты кітапханада өткізілген іс — шара

Желтоқсан айының 20-шы жұлдызында Қостанай қаласының №6 қалалық кітапханасында Катова Гүлнар Балтабаевна мен Сейдахметова Айнұрдың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес іс-шара өткізілді. Іс-шараның өткізілу мақсаты туралы және де кітапхана жұмысы мен жаңадан келіп түскен жаңа әдебиеттер туралы Гүлнар Балтабаевна шағын ақпарат беріп өтті.

Аталып отырған іс-шараға 2 курс 211 оқу тобының курсанттары қатыстырылды.

Іс-шара барысында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-әдістемелік жұмыстармен қамтамассыз ету бөлімінің меңгерушісі Оташева Назима Қуанышбайқызы өзінің «Қостанай облысының тарихи-мәдени мұралары» атты тақырыбы бойынша әзірлеп келген ғылыми мақаласымен таныстырды. Мақалада Қостанай облысының мемлекеттік маңызы бар ескерткіштері мен археологиялық нысандар туралы көптеген жәдігерлердің тарихынан атап айтсақ Әліби Жангельдин Міржақып Дулатов, Жәнібек тархан Кейкі батыр кесенесі, Жәуке батыр кесенесі, Барақ батыр кесенесі, Амангелді Иманов, Құтан әулие, Екі дің, Үштоғай шаршысы және тағы да басқа тарихи жәдігерлер туралы сыр қозғалды.

Қазақ халқының көп ғасырлық тарихы бар, әлемдік өркениет жауһарына енген мәдени құндылықтарға ие. Біздің еліміз ескерткіштердің саны мен әр-түрлігі жағынан Жерорта теңізі мен Таяу Шығыстың көптеген мемлекеттерінен қалыс қалмайтындығын атап өтті.

Ескерткіштер салт-дәстүрді, мәдени құндылықтарды сақтау арқылы ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғайды. Ғылым мен білімнің мақсаттарына қызмет етеді. Азаматтық пен Отан сүйгіштікті қалыптастырады.

211-212- оқу тобының кураторы

полиция подполковнигі Б. Абдыкалыков