Тәжірибелі қызметкерімен кездесу

Қостанай қалалық Ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Академияның 4 курс курсанттарымен кездесу өткізді. Кездесу Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ұйымдастырылды.

Қостанай академиясы бүгінде біліктілігі жоғары мамандар даярлауда көш бастап келе жатқан оқу орындардың бірі. Қостанай ҚІІБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Шаяхметов Биржан Ерденович қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Орталық бүгінде тыныштықты жете назарға алу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, кәмелетке толмағандармен тәрбиелік жұмыстар жүргізу, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, еліміз үшін қажетті қызмет бағыттарын айқындау сынды маңызды міндеттерді атқарып келеді.

Қостанай ҚІІБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Шаяхметов Биржан Ерденович өз кезегінде курсанттардың сұрақтарына жауап берді. «Бүгінде қылмыстар көлемі өршіп тұрғанын бәрімізге айқын және анық көрініп тұр. Сондықтан баланы адамгершілікке имандылыққа тәрбиелеу -баршаның ісі», – деп атап өтті. Екі жақсы кездесу жас қызметкерлер үшін алдағы болашақтағы байланыстарының негізі болмақ.

Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының
оқытушысы полиция капитаны Жұмашев М А