Академияда ғалымдар басқосты

2017 жылғы 27 қазан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына 25 жыл: дамудың қорытындылары мен келешектері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина, Бангладештің жетекші ғалымдарының, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлерінің 140 ғылыми мақалалары, сондай-ақ жоғары оқу орындары басшыларының құттықтау сөздері енгізілді.

Конференцияның ашылу салтанатында Академияның бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов құттықтау сөз сөйлеп, конференцияға қатысушылардың ғылыми жұмысына сәттілік тіледі.

— Құрметті конференцияға қатысушылар мен қонақтар. Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы басшылығының және жеке өз атымнан Сіздерді конференция жұмысының басталуымен және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Қазіргі заманғы полиция қызметкерлерінің тек қана кәсіби маман болып қоймай, жоғары адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлға ретінде қалыптасуы біз үшін аса маңызды. Бізге маман емес, алдымен адам керек. Бұл – бірінсіз бірі жоқ, бүтіндікті құрайтын бір заттың екі жағындай нәрсе. Сондықтан бүгінгі күні ІІМ кадрлық құрамын реформалау жағдайында, негізгі басымдық ішкі істер органы болашақ қызметкерлерінің бойында азаматтық, адамгершілік, рухани және басқа да тұлғалық кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыру, олардың құзыреттілік және құқықтық мәдениетін көтеру, жедел-қызметтік міндеттерін орындауда жоғары дәрежедегі уәждемеге жеткізу, қызметтік тәртіпті, заңдылықты және қызметтік кәсіби-этикалық нормаларды сақтауды нығайту болмақ, -деді өз сөзінде Академия бастығы Мирлан Ахмедияұлы.

Академия бастығының алғы сөзінен кейін конфернция жұмысы басталды. Ғалымдар өз жазған еңбектерін ортаға талқыға салып, оның оң тұстарын елге пайда берер тұстарын дәлел дәйектерімен дәлелдей білді.

Конференция барысында 2 сессияның жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарланды:

— Қазақстан Республикасының жаңа заңнамасын қолданудың және жетілдірудің өзекті мәселелері;

— қазіргі жағдайда ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлаудың өзекті мәселелері.

Конференция жұмысы үшін ҒЗжРБЖҰ бөлімімен «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына 25 жыл: дамудың қорытындылары мен келешектері» атты конференция материалдарының жинағы дайындалды.

Жалпы конференция туралы толық мағлұматты сайтымыздың алдағы күндерінде толық оқи аласыздар.

 

   

Академияның баспасөз хатшысы М. Оспанов