Сырттай оқитын сержанттармен кездесу

Жақында 2 курс курсанттары Академияның сырттай оқыту факультетінде білім алып жүрген курсант-қызметкерлермен кездесті. Кездесу барысында  жалпы практикалық жұмыста нені білу керек, өзіңді қалай ұстау қажеттілігі туралы және болған оқиғаларды курсанттарға айтып берді. Кездесу өзінің мақсатына толығымен жетті деп айтсақ болады. Курсанттар келелі отырыста өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, толықтай мағлұмат алды.

Кездесуге Қостанай қаласының түзеу мекемесінде қызмет атқаратын полиция старшинасы Қабдыбек Дияр Досымжанұлы және Маңғыстау облысы Ақтау қаласында ЖПП – да қызмет атқаратын полиция сержанты Досхан Сұлтан Дәулетбайұлы келді. Курсанттарға жалпы өздерінің қызметтері жайлы ақпаратты беріп,  алда олардың міндеттері олардыкіне қарағанда өзгеше болатынына да тоқтала кетті. Жалпы серржанттық құраммен офицерлік құрамның міндеттеріне де түсінік беріп өтті.

«Курсанттарымыздан сұрақтар өте көп қойылғанына қарағанда олардың өздерінің қызметтеріне деген қызығушылықтары жоғары екендігін байқадық» — дейді кездесуге келген қызметкерлеріміз.

Баспасөз қызметінің мүшесі

2 курс курсанты Д. Әділдәбеков