Академия курсанттары марапатталды

2017 жылғы 25 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында таңғы саптарамда көптеген курсанттар марапатталды.
Жасыратыны жоқ биылғы жылы Академияның көптеген курсанттары жақсы жағынан танылып, елдің алғысына, басшылардың ризашылығына бөленіп жүр.
Осы жолы да Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов сенбі күні ант қабылдаған 1 – курс курсанттарын тағы бір мәрте құттықтай отырып, анттарына адал болуға шақырды.
Бірінші курсты құттықтаған соң, жақында ғана бір қыз баланы құтқарған ер жүрек батыл 3 курс курсанты полиция қатарындағы Еркебұлан Төлебековті көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтылып, «Қазақстан полициясының – 25 жылдығына» арналған медальмен мараппаттады. Көпшіліктің алдында мерейі асқан Еркебұланда мақтаныш сезімімен антына адал болуға, қашанда елге ерлік көрсетуге дайын екенін айтты.
Еркебұланның марапатынан кейін, оның алдында ғана ұрының қолынан велосипедті қолды қылмай аман алып қалған 4 курстың 3 курсантын алғыс хатпен марапаттады.
Барлық ерлік көрсеткен батыр курсанттардың марапатынан кейін жақфында ғана Кейкі батырдың кесенесінің ашылуына байланысты салтанатты рәсімге қатысқан 4 курстың 40-тан астам курсанттарын Қостанай облысы әкімінің атынан келіп түскен алғыс хатпен марапаттады.
Міне осылай Академияның тең жарты курсанты өздерінің қызметтік міндеттеріне адал қарағаны үшін әртүрлі деңгейдегі марапаттарға бөленді.

Академияның баспасөз қызметі
Фото: С. Камалов