Әлем таныған Әуезов

2017 жылғы 20 қыркүйек күні Қостанай облыстық Толстой атындағы кітапхананың әмбебап оқу залында жазушы, қоғам қайраткері, көсемсөз шебері Қазақстан ҒА академигі, профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 120 жылдығына арналған «Әлем таныған Әуезов» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш іс-шара кештің құрметті қонақтары жергілікті ақын С.Оспанов пен А.Шаяхмет Ұлы жазушы, ғұлама ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп, тарихтан сыр шертті.

Сондай-ақ жазушының шығармашылық кешіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция полковнигі Б.Құрманғалиева қатысып, М.Әуезовтың тапсырысы бойынша арнайы жасалған ұлттық аспабымыз домбыра туралы айтып берді.

— Бұл қасиетті домбыра Мұхтар атамыздың өз тапсырысы бойынша жасалған құнды домбыра. Бұл домбыра қазіргі таңда Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов мырзаның ізденпаз еңбегінің арқасында Академияның мұражайында сақтаулы тұр. Бұл мұражайдағы ең құнды, әрі тарихи көне жәдігер ретінде сақтаулы. Бүгінгі күні домбыраның қыр-сыры зерттеліп, Мұхтар Әуезовтің өз қолымен тартқан домбырасы екені дәлелденіп жатыр. Егер Мирлан Ахмедияұлы  Қостанай академиясының есімі Шырақбек Қабылбаев атамызды зерттемегенде, мына домбыра басқаның қолына түсіп, ескерусіз қалар ма еді. Міне, осылай алты алашқа аты мәшһүр Мұхтар атамыздың бір жәдігерінің киелі Қостанай өңірінде болу тарихы осылай, -деп сөзін аяқтады, Балып Хозедиясқызы Құрманғалиева.

 Домбыра жайындағы әңгіме студенттердің зерттеу жұмыстарына деген ерекше, кәсіби қызығушылығын оятып, болашақта өте жоғары белсенділік танытуға және кітапханаға жаңа оқырмандардың келуіне ықпал етті. Осы домбырада Академияның 3 курс курсанты полиция қатарындағы Бексұлтан Сүндет кешке жиналған қауымның алдында керемет күй орындап берді.

Аудитория жазушының өмірі мен шығармашылық қызметін, азаматтық тұлғасы, туған халқына, оның әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегі туралы қызу пікірталас тудырды, әрбір тілек білдіруші өзіндіккөзқарасын білдіріп, пікірін айтуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ пікір алмасып, ой талқыланды.

       Мұхтар Әуезов туралы автордың өз дауысымен жазылған әдеби шығармашылық сипаттағы бейнефильм көрсетілді. Кеш отырыс 64 түрлі кітап пен журналдар қойылған кітап көрмесімен безендірілді.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелдің отырысына А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, ҚМПИ, ҚГК студенттері мен оқытушылары шақырылған болатын.

Осылайша, ұйымдастырылған іс-шарада халқымыздың ұлттық мәдениеті мен әдебиетіне үңіліп, жарқын болашағымыздың іргетасын қалайтын жалынды жастарға күмбірлкеген күй мен құндылығы зор мәдени тарихымызды тану арқылы ерекше әсер қалдырды.

Академияның баспасөз қызметі,

Фото: С. Камалов