Саптық байқау

Академиямыздағы басты талаптардың бірі ол киім үлгісін бұзбай, тартымды жүру. Бұл негізі тек академиямызда емес жалпы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талап. Сондықтанда әрбір курсантқа киім үлгісіне немқұрайлы қарауға болмайды.

18.09.2017 жылы 2 курс бастығы полиция подполковнигі Ә. Тажмуханов 2 курс жеке құрамында саптық байқау өткізді. Байқау барысында курсанттардың киім үлгісі, қызметтік куәліктері тексеріліп, кейбір курсанттарға ескерту жасалды. 2 курс бастығы ескертулерді тез арада жоюға тапсырма беріп, ол курсанттармен қосымша жұмыс жүргізілетінін айтты.

Осы оқу жылы басталғаннан 2 курс жеке құрамындағы бұл екінші саптық байқау. Ескертулер болғанынмен киім үлгісін бұзған курсанттар болған жоқ. Саптық байқаудан кейін жеке құрамға 2 курс бастығы полиция подполковнигі Ә. Тажмуханов киім үлгісін бұзған курсанттар ескертумен шектелмей, тиісті жаза алатындықтарын айтты.

 

Академия курсанттарының баспасөзі,

2 курс курсанты Д. Әділдәбеков