Тәжік Тәуелсіздігі Академияда аталып өтті

2017 жылғы 9 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы   Қостанай академиясының курсанттары өздерімен бірге Тәжікстаннан келіп оқып жатқан 1 және 2-ші курстың курсанттарына мерекелік дастархан жайып, қазақтың қонақжайлылығын көрсетті.

Ақ дастарханға Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов және Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ақан Нұрышев, Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Қаппасов және Қостанай облыстық Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, Тәжікстан өкілі Абдусалим Абдухамитович Шукуров қадірменді қонақ ретінде шақырылды.

Жалпы Тәжікстан туралы ақпарат беретін болсақ, осыдан 26 жыл бұрын 1991 жылы 9 қыркүйек күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз тәуелсіздігін алып, жеке ел болып қайта құрылды. Содан бері талай қиыншылықпен қуанышты жағдайларды басынан өткерген Тәжік елі қазіргі таңда іргесі бүтін, түтіні түзу ұшқан бақытты елге айналды.

Соңғы уақытта Тәжікстан және Қазақстан Республикасының арасы жақсы қарым-қатынаста, бүгінгі таңда екі елдің арасында көптеген келісім-шарттарға қол қойылып, іске асып жатыр.  Солардың бірі 2009 жылғы қол қойылған  Тәжік елінің азаматтары Шырақбек қабылбаев атындағы Қостанай академиясында білім алу болатын. Күні бүгінге дейін Қостанай академиясын 50ден аса тәжік азаматтары ойдағыдай аяқтап, өз елдерінде абыроймен қызмет атқарып жатыр.

Ақ дастархан басына барлығы жиналған соң, Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов Тәжік курсанттарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, екі елдік азаматтары болашақта тату – тәтті өмір сүрулеріне, өздері білім алып жатқан академияның туын жерге түсірмеуге қашанда біздің елдің мәдениетіне құрметпен қарауға шақырды.

Академия бастығынан құттықтауынан кейін Тәжік өкілі, ақ дастарханның құрметті қонағы  Абдусалим Абдухамитович Шукуров өз елінің курсанттарына ақыл-кеңестерін айтып, дастархан жайып құрмет көрсетіп отырған академия ұжымына, жалпы қазақ еліне шексіз алғасытарын білдірді.

Құшақ жая қарсы алған біздің курсанттар дастархан үстіне өз  қолдарымен жасаған тіл үйірер  Тәжік палауын қойды. Әп сәтте дастархан үстін тәтті мәзірлермен жайнатып жіберіп, Академияның өнерпаз курсанттары өздерінің шағын концерттік бағдарламасын ұсынды.

Қазақ жігіттері мен қыздары ұлттық аспамыз домбырадан күмбірлетіп күй төксе, әншілеріміз әдемі әуендеріне салып, ән шырқады. Тіпті бірге оқитын достары  ақ жарма тілектерін білдіріп, құттықтады.

Әсем ән мен күмбірлеген күйді естіп отырған Тәжік курсанттары ішкі қуанышты сезімдерін жасыра алмай, Академия мен курс басшылығына алғыстарын білдіріп, өздеріде авторлық лирикалық әндерін орындап, халықтың көңілін бір көтеріп тастады.

Дастархан басында өздерін таныстыра отырып бірінші курс курсанттары әні мен сөзін жазған Фируз Назиров досы Дилшод Сопиев пен бірге «Жүрегім соғады» атты әнді тәжік тілінде нақышына салып, шырқап берді. Жалпы Фируз Тәжік елінде жастар арасында кеңінен тынымал екенінде сөз арасында айтып кетті. Бүгінгі таңда Фируздың 15-тен астам әні, 45-ке жуық әндері өңделіп жатқанын мақтанышпен сөз етті.

Бізде осындай өнерлі жігіттің Академияда білім алып жатқанына қуанамыз.

Жалпы татулық пен келісімге жайылған ақ дастархан курсанттар мен қонақтардың көңілінен  шықты деуге әбден болады. Келелі бас қосудан соң, Абдусалим Абдухамитович курсанттарға өз ақыл кеңестерін айтып, Тәжік елінің туын жерге түсірмеуге шақырды.

Міне осылай жақсылыққа жаны құмар Академия бастығының келелі бастамасы, бүгінгі таңда жылдағы дәстүрге айналды. Бұл әрине екі елдік азамттары үшін өте қуанарлық іс деуге болады.

Академияның баспасөз хатшысы М. Оспанов