Елбасынан лейтенант арнайы атағын алған түлегіміз Айнур Бисагимованың Академияға алғыс сөзі

Еңсесі биік елордамыздың туған күнінде Елбасы қолынан лейтенант арнайы атағын алу мен үшін өмірімдегі маңызды және толқынысты сәттердің бірі болды. Қазақстан Республикасы әскери ЖОО-ның үздік түлектері таңдалынып алынды. 29 курсанттың ішінде жалғыз қыз бала мен болдым. Осындай үздік түлектердің қатарында болу мен үшін үлкен мәртебе. Осы сәтте әрқашан демеу болған Академия бастығы полиция генерал майоры Қызылов М.А., Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Нурушев А.Ж., КОФ бастығы полиция полковнигі Кульжанова Г.Т., аянбай білім берген Академияның профессорлық-оқытушы құрамына, 4 жыл ішінде үйімнен алшақта жүргенімде әкем мен анамдай болған курс басшылығы мен оқытушы-әдіскерге алғысым шексіз. Қуанышым мен қайғыммен ортақтасып, алтыннан да бағалы берген тәрбие, білімдеріңізге, сонымен қоса төзімділікке, батылдыққа, табандылыққа үйретіңіздер. Бастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Әрқашан үміттеріңізді ақтап, биіктен көрінуге ант етемін.

Мен Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының түлегі болғаныма мақтан тұтамын.