Астанадағы мерекелік концерт

24 маусым күні Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына байланысты  мерекелік бағдарлама өтті.

Іс-шараны Үкімет мүшелері, министрліктің басшылығы, жеке құрам мен ішкі істер органдарының ардагерлері, Ұлттық ұланның және құтқару қызметтерінің қызметкерлері сонымен бірге олардың отбасы мүшелері тамашалады.

Мерекемен Ресей ішкі істер министрі Владимир Колокольцев, және Беларус министрлері Игорь Шуневич және Қытай халық Республикасы, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттері ішкі істер министрлерінің бейнеқұттықтаулары көрсетіліп ән, билермен жалғасты.

Осы мерекелік бағдарламаға Академия бастығы полиция генерал – майоры М.Қызылов және Академия ардагерлері: полиция полковнигі Е.Мукажанов, полиция полковнигі Д.Кайшантаев, полиция полковнигі         Б. Абикенов  сонымен бірге Астана қаласында Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінде қызмет етіп жүрген  Академияның 2 курс курсанттары  қатысты.

 

Тәрбие жұмысы бөлімі