Курсанттардың оқу-дала лагеріндегі қызықты күндері

2017 жылдың 29 мамырынан 5 маусым күні аралығында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курсының 304, 308, 309, 310 және 312 топ курсанттары оқу дала лагерінде болды. Оқу-дала лагеріне жіберудегі басты мақсат оқытылып жатқан пәндер бойынша курсанттардың алған теориялық білімдерін тәжірбие жүзінде бекіту, дене шынықтыру дайындығын жетілдіру, болашақ ішкі істер органдары қызметкерлерін дайындаудағы патриоттық сезімдерін ояту, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, әскери қызметке дайындауды ұйымдастыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу.

Осы мақсат, міндеттерді орындау үшін түрлі іс шаралар жоспарланды және оны ұйымдастырып жүзеге асырылуына 3 курс бастығының орынбасары Н.Бақытқалиұлы жауапты болды.

Оқу-дала лагерінде курсанттардың өмірі әскери жарғыға сәйкес таңертеңгілік дене жаттығумен айналысудан басталып, өздерінің ІІО қызметкерлері болып қалыптасуына негізделген қылмыстық-атқару құқығы, қылмыстық іс жүргізу сияқты пәндерінен алған білімдерін одан әрі іс тәжірбие жүйесінде жетілдіре түсу мақсатында білімділігі мен іскерлігі байқалған оқытушылар келіп, түрлі ситуациялық жағдайларды қойылым ретінде ұсынылып, түзеу мекемелерінің түрлері түсіндіріліп, жалпы ішкі тәртібі, ұстау режимі тәжірбие ретінде көрсетілді. Әскери дайындық, арнайы тактикалық дайындық пәндері бойынша оқу жаттығулары арнайы әскери құрал жабдықтармен өткізілді.

Жарғыға сәйкес нарядтар тағайындалып, сол бойынша курсанттар өз қызметтерін атқарды, қыздар өздерінің уақытылы әзірленіп отырған, дәмді астарымен қуантты. Спорттық мәдени іс шаралар ұйымдастырылды, атап айтсақ футбол, волейбол ойындарын командаларға бөлініп, бір бірімен жарыса ойнап, бос уақыттарын тиімді өткізді.

Қосымша білім беру орнының аумағы болып табылатын оқу дала лагерін абаттандыруға бағытталған жұмыстар атқарылды. Ұлдар шөп орып, ағаш жару сияқты дала жұмыстармен айналысса, қыздар жатын бөлмелер мен асхана тазалығымен айналысты.

Күнделікті жарғыға сәйкес курсанттар сапқа тұрғызылып, кешкілік тексеріс орын алды, тексерістен кейін Қазақстан Республикасының әнұраны желбіреген көк туымыздың астында оындалды.

Кешкілік курс болып бірлесіп табиғат аясында костер жағып, домбыраның қоңыр үні шертіліп, гитарамен көңіл көтеретін әндер қосыла орындалды. Курсанттардың көңілдердерінде керемет әсер қалдырып, патриоттық, батылдық, жауаптылық сезімдерін оятып, татулыққа үйретті.

Қорытындылай келе бір аптаға созылған оқу дала лагеріндегі қызыққа толы күндер өте шықты. Курсанттар Академияға толықтай, ешқандай ескертулерсіз, ерекше көңіл күймен оралды.

 

  

 

3 курс курсанты У.Маликова

Курс бастығы орынбасары

полиция аға лейтенанты

Н. Бақытқалиұлы