«РЕСЕЙДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2017 жылдың 25 сәуірінде Ресей ЖОФҚ Самара заң институтында аспиранттардың, курсанттардың және студенттердің арасындағы «Ресейдің  қылмыстық атқару жүйесіндегі проблемалары және қызметтері» атты жылсайынғы халықаралық ғылыми конференция өтті.

Ғылыми конференцияға 4 мемлекеттің өкілдері қатысты: Беларусь Республикасы ІІМ (Минск қ.); Беларусь Республикасы ІІМ Могилевский заң институты; Тәжікстан Республикасы ІІМ және Қазақстан Республикасының  ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы. Біздің Академия курсанттары атынан 3 курс курсанттары полиция сержанты А. Каирбулатова, полиция сержанты М. Курмангазина және полиция қатарындағы Ә. Ермекбай қатысты.

Конференцияның ашылуында Самара заң институтының бастығы педагогика ғылымдарының кандидаты, ішкі қызмет полковнигі Вотинов Александр Андреевич, сонымен қатар бейне сәлемдемемен Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары заң ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), полиция полковнигі Сергей Николаевич Бачурин сөз сөйледі.

Конференцияда бірқатар қылмыстық-құқық, қылмыстық-атқару, қылмыстық-іс жүргізу, криминалистикалық, жедел-іздестіру қызметі және Ресей ҚАЖ және шетелдердің заң құрылымдарының өзекті мәселелері қозғалды. Әсіресе, сотталғандарды психологиялық тәрбиелеу бағытына басымырақ көңіл бөлінді.

Соңында, конференция қорытындысы бойынша салтанатты түрде марапаттау рәсімі болып өтті. Біздің Академияның 3-курс курсанттары А. Каирбулатова 3-орынды және М. Курмангазина 2-орынды иеленді және Ә. Ермекбай грамотамен марапатталды.

Самара заң институтына және Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына, сонымен бірге ғылыми конференцияға қатысушылардың барлығына алғыс білдіре отырып, болашақта серіктестігіміз одан әрі жалғаса береді деген сенім білдіреміз.

 

ҒЗжРБЖҰБ