Шырша отырғызу  

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының айналасына жақында шырша отырғызу іс шарасы өтті.Әр ер жігіт өз өмірінде ағаш отырғызуға міндетті

 

Жалпы бұл шараны өткізу себебі шырша қылқан жапырақты ағаш түріне жатады.Ал қылқан жапырақтылардың емдік қасиеті мол.Ағаштардың қылқанында эфир майы бар, ол адамның тыныс жолдарын жақсартады.

Сонымен қатар, ағаш иісінің түрлі микроб пен вирусты жоятын қасиеті бар. Сол себепті   көбіне тубсанаторийлер осы ағаштар өсетін аймақтарға салынады. Тағы бір басты себеп – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасына үндестік танытып, өзіміздің білім алып отырған академияны және курсанттардың тұрып жатқан  жатақханасын жасылдандырып көркейтуге шақыру.

Бұл шара дәстүрге айналғандай жыл өткізіліп отырады.Ал академиядағы курсанттар үшін шырша отырғызу нағыз мереке.Олар таза ауада демалып қана қоймай, табиғатты көркейтуге үлестерін қосты.Және өздері еккен шыршаларына белгі қойып , оның күтіміне үнемі атсалысып тұратындары да аз емес.

2 – курс курсанты

полиция қатарындағы

Советов Бексұлтан