Туған тілім-айбыным

Тіл білім сайысын жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырған тілдер кафедрасының оқытушылары полиция майоры Л. Кинжебаева, полиция майоры Б. Сұлтанов Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай 1,2 курс курсанттар арасында қазақ тілі пәнінен олимпиада өткізді.

  

«Қазақ тілі» олимпиадасы кемел келешек жолында сапалы білім беріп, болашақ өскелең ұрпақты елжандылық пен ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беруде зор үлес қосады.  Негізгі мақсатты, аталған олимпиада арқылы мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, құрметпен қарауды қалыптастыру, қолдану аясын кеңейту, қазақ тілін жетік меңгерген талантты жастарға қолдау көрсету.

Биыл қазақ тілі пәнінен олимпиада өзгеше өткізілді. Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрды. Олимпиаданың алғашқы кезеңі 24 суәірде эссе байқаумен өткен болатын. Мәнерлеп оқу байқауы 28 сәуірде өткізілген. Ал ақтық сын 30 сәуірде «Эрудит» викторинамен жалғасын тапты. Үздік шыққан үміткерлер іріктелді.

Әділ қазылардың шешімі бойынша, жеңімпаздар дипломдар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Курсанттарды құттықтай отырып, әрдайым сайыстарда ғана емес, нақты оқу барысында да белсенділік танытып, мемлекеттік тілді дамытуға ат салысады деп сенеміз.

Тілдер кафедрасының оқытушысы

полиция майоры Л.Кинжебаева