Тәлімі мол дөңгелек үстел

Қазақстан полициясының құрылғанына биыл 25 жыл. 1992 жылы «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары» туралы Заң қабылданған болатын. Бұл – Қазақстан полициясының істері мен қызметін анықтайтын бірінші құжат. Ал, 2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым полиция күні болып бекітіліп, содан бері жыл сайын құқық қорғаушылар кәсіби мерекелерін атап өтеді. Маңғыстаулық тәртіп сақшылары да биылғы полиция қызметкерлері күнін зор табыстармен қарсы алып отыр.

Адамзат күш жарыстырып емес, ақыл жарыстырып алға басатын мына заманда ұстаздың қаншалықты деңгейде білімді де білікті, талапшыл да парасатты болуы керектігі өздігінен белгілі. Осындайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Ақыл табылмай, ештеңе табылмайды. Ой жетілмей тұрып, ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл», — деген.

Осы мақсатта ағымдағы жылдың 25 сәуірінде құқық қорғау органына маман дайындауда мемлекеттің төрінен ойып тұрын орын алған Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері мен курсанттары «Дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернатының» оқушыларымен өткізілген «Біз өз әрекеттерімізге жауаптымыз» атты дөңгелек үстелге қатысты. Басты мәселе жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және жолын кесу.

Іс-шараны ұйымдастырған аталмыш мектептегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бертазина Күләй Мухамметвалиевна мен тәрбие кафедрасының жетекшісі, тәрбиеші Кандалина Альбина Петровна сауап алар, көпшілік құптар іс жасап отыр. Ауруды асқындырғаннан көрі оның алдын алу өте дұрыс екенін білетін мектеп мұғалімдері жасөспірімдер қылмысымен күресудің жолдарын анықтау мақсатында Академияға өтініш білдірілді. Академия басшылығының тапсырмасымен мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны М.Смагулов, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны М.Тойганов және КОФ 3 курс курсанттары Р.Ильясов, М.Кәрібай, А.Дүйсембаева іс-шараға қатысты.

Маңызды мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаға тоқталумен басталды. Себебі ұлттың болашағы жастардың қолында екені осы тағылымы мен тәрбиесі мол бағдарламалық мақалада тиянақты көрсетілген.

Мырзабек Сардарбекұлы оқушыларға қызықты материалдар ұсынып, тәжірибелік эксперименттер де жүргізе білді.

Санаға түйіп, сабырлы болудың сабағы зая кетпейтіндігіне сенімдіміз.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер

Кафедрасының аға оқытушысы

Полиция капитаны М.Смагулов