Кәсіби шеберлік — болашақ қызметкерлердің маңызды қасиеті  

 

Заңдылықты сақтау мен құқықтық тәртіпті бекіту бойынша қызмет құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігіне жоғары талаптарды қажет етеді және ол ұдайы өсуде.

Кәсіби біліктілікті қалыптастыру — мамандарды дайындаудағы маңызды тапсырмалардың бірі, ал оның шешімі кәсіби оқытудың негізгі мазмұны мен әдістерін анықтайды. Кәсіби қызметке маман-тұлғаны дайындауының арнайы тарапы ретіндегі кәсіби біліктілік — кәсіби тапсырмаларды салауатты шешуге мүмкіндік беретін кәсіби оқытудың жоғары дәрежесі.

Құқық қорғау қызметі маманының шеберлігі арнайы-заң білім беруден және кәсіби-психологиялық дайындықтан құралады. Соңғысы жәбірленушілермен, күдіктілермен, сотталғандармен сөйлесу өнерімен, оларға әсер ете білу мүмкіндігімен байланысты шартталған.

Кәсіби білім — болашақ маман санасының игілігі болған кәсіби маңызды мәлімет. Білімге негізделген маман өмірдің, құқықтық саланың мән-жайын ұғынады, алдында тұрған тапсырмаларын шешуін жоспарлайды, қызметтік функцияларын орындаудың жолдарын ойластырады, пайда болған мәселелерді зерттеп, шешімнің мақсаты мен тапсырмаларын анықтайды, шешімді дайындайды, әрекеттің тәсілдерін таңдап, әрекетін бақылап, бағалайды. Осының барлығын терең әрі жан-жақты түсінген адамның кәсібилігі жоғары, қызметі де сәтті бола түседі. Конфронтация, қылмыскермен күрес жағдайында мұндай мамандар жеңеді, өйткені олар көп біледі, барлық аспектілері мен ерекшеліктерін терең түсінеді.

Аталған мақсаттарға жету үшін 2017 жылдың 27-28 сәуір аралығында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша КОФ 2-3 курс курсанттары арасында қылмыстық құқық пнінен кәсіби шеберлік байқауы  өткізілді. Байқауға КОФ 2-3 курсының  курсанттары белсенді қатысты.

 Қылмыстық құқық пәнінен байқауда тестілік тапсырмалардың курсанттармен орындалуы көзделген.

Кәсіби шеберліктің нәтижелері бойынша КОФ 2-3 курсының курсанттары арасынан комиссия келесі курсанттарды үздік деп таныды: мемлекеттік тілде оқытылатын оқу топтары 3 курс курсанттары арасында Ильясов Руслан (93 б.), Құбайдуллин Қайсар (92 б.), Ілес Бақытжан (87 б.); орыс тілде оқытылатын оқу топтары арасында Шеимет Татьяна (95 б.), Ни Арина (90 б.), Егеубаева Айгерим (85 б.).Сонымен қатар мемлекеттік тілде оқытылатын оқу топтары 2 курс курсанттары арасында Мажитова Айжан

(95 б.),Мұхамбетханов Бағнұр (95 б.), Иманбекова Аяжан (85 б.), Куанышева Инара (93 б.),Нусупбекова Аяжан (93 б.).

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты С.Жолдаскалиев