Біздің мақтанышымыз сенімді ақтады.

Сәуірдің 19–20-сы аралығында Орал қаласында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының ІV Жастар спорттық ойындары өткізілді. Бұл додаға 100 келі салмақ дәрежесінде Руслан Таңқыбаев және Ержан Кабидуллинов жаттықтыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 – курс курсанты, бірнеше жарыстардың жеңімпазы, балуан Жан Сабит те ат салысты. Ол жай ғана ат салысып қана қоймай, барлық қарсыластарына айтарлықтай тосқауыл бола білді.

Қарсыластарын бірінен соң бірін жығып, алдынан шыққанның арқасымен қадап, шетінен келгеннің желкесінен ұстап, қос жауырымен жер иіскетіп жатты. Осындай қарқынымен жартылай финалға дейін барып, шеберлігінің арқасында жоғары бәсекеде орны бөлек ІІІ орын иегері атанды.

Естеріңізге сала кетсек Жан Сәбит Арқалық қаласы күрес мектебінің түлегі саналады. Ол тәжірибелі жаттықтырушы  Данияр Қарпықовтың жаттықтыруымен шыңдалған әрі белді шәкірттерінің бірі болған. Ал қазіргі таңда Академиямыздың жаттықтырушыларының қарамағында жаттығады. Академиямыздың Қажымұқаны атанған балуанымыздың бүгінде асығы алшысынан түсуде.  Әр бәсекеде атымызды танытып жүр. Бұдан кейінде әлі талай белестерді бағындырарына жаттықтырушылары және бүкіл Академия құрамы сенім білдіреді.