Академия БАжҚДИ тыңдаушыларымен өткізілген дөңгелек үстел қорытындысы туралы

2017 жылдың 21 сәуірінде  ғылыми-зерттеу орталығымен ізденіс зерттеуі аясында біліктілікті арттау және қайта даярлау институты мен ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмыстарда ұйымдастыру кафедрасымен бірлесіп, аумақтық пробация қызметінің практикалық қызметкерлермен «Жаңа заңнама аясындағы пробация қызметі қызметінің өзікті мәселелері» тақырыбы бойынша «дөңгелек үстелі» өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Академияның БАжҚДИ тындаушылар, профессорлық-оқытушылар құрамы, ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері, магистранттар қатысты.

Дөңгелек үстелге қонақ ретінде Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Аман Елеусизович Мизамбаев, Қостанай облысы прокуратурасы прокурорының аға көмекшісі, әділет кеңесшісі Азамат Кенжебекович Айсенов, Қостанай обласы ІІД ЖПҚ инспекторы полиция майоры Андрей Владимирович Давыдов, Қостанай қаласы ІІД учаскелік инспекторы полиция капитаны Куат Саятович Жумабаев шақырылды.

Құттықтау сөзімен дөңгелек үстелдің модераторы ІІО-да әлеуметтік жұмысын ұйымдастыру кафедрасының бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Нурлан Аккалашович Тулкинбаев сөз алып сөйледі.

«Дөңгелек үстелдің» отырысы Қостанай облысы прокуратурасының өкілдерімен, жергілікті полиция қызметкерлерімен, ғылыми қызметкерлерінің және Академияның профессорлық-оқытушылар құрамымен өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде өткізілді.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты  Игорь Викторович Слепцовтың және заң ғылымдарының докторы  Аман Елеусизович Мизамбаевтың жаңа заңнаманы қолданудың проблемалы мәселелерін қозғап сөз алып сөйлегені практикалық қызметкерлері арасында қызығушылығын танытты.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысы барысына ҒЗО-ның ғылыми қызметкері полиция подполковнигі Г.Б. Кожмухамедовамен  Академияның БАжҚДИ тыңдаушылары арасында өткізілген сауалдамасының қорытынды баяндалды.

Облыстық аумақтық пробация қызметінің өкілдері және Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы жаңа заңнаманы жүзеге асыру туралы пікірлерімен бөлісті.

Өткізілген іс-шараның қорытындысы ретінде, Біздің ойымызша олар пробация қызметінің практикалық қызметкерлеріне кәсіби қызметін іске асыру барысында тиімді көмегін көрсететін  ұсынымдар болады.

                                                Академияның ғылыми-зерттеу орталығы