ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

«Полицейлер – бұлар қылмыспен күресте,

адамның құқықтары мен бостандықтарын

қорғауда алғашқы қатарда тұратын тұлғалар»

Н.Ә.Назарбаев

Заңдылықсыз ешқандай тәртіп жайында айту мүмкін емес. Ал бұл заңдылықты сақтау тәртіп сақшыларының, яғни полиция қызметкерлерінің басты міндеті. Бұл орайда заң саласы ғалымдарының сөзі орынды болады «Болашақта әскер болары, болмасы екіталай, бірақ адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын полиция болған, бар және болып қалады» деп өте орынды айтқан.

Тәуелсіз еліміз ширек ғасырдың ішінде құқықтық мемлекетті қалыптастырудың жолында күрделі мемлекеттік құрылыстарды басынан өткерді. Солардың ішінде 1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы. Бұл құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек ететін ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін, функцияларын анықтайтын ең бірінші құқықтық акт.

2007 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым ресми түрде полиция күні болып бекітілді. Қазақстандық полиция күні – бұл сонша күш-қайрат жұмсап қазақстандық полицияны құрған және онда еңбек етіп жатқан қызметкерлерге деген құрмет, полицияның ардагерлеріне, бейбіт уақытта елдің тыныштығы үшін өмірін бергендерге деген құрмет күні. Қазіргі күні жыл сайын 23 маусым қазақстандық полиция күні немесе жай ғана полиция күні деп аталып өтеді.

Атаулы мерекенің қарсаңында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының апталығы басталды. Апталық сәуір айының 17-і күні Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушыларымен және КОФ 1-3 курс курсанттарымен «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылу тарихы» атты тақырыбындағы дәріс циклымен басталды. Дәрісті мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны М.К.Смагулов пен мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, полиция аға лейтенанты А.А.Қаражан жүргізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады» деген. Осыған байланысты Қазақстандағы білім беру жүйесінде Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы 45 жылдан астам уақыттың ішінде өзінің іргелі оқу ордасы екендігін дәлелдеп, айшықтап берді. Курсанттарға сол бір қиын-қыстау құрылу сәтінен жоғарғы оқу орны атауын алған қара шаңырағымыздың тарихын біліп жүру бір ғанибет. Сол себепті тәрбие сағаттары үнемі өткізіліп отырады.

 Оқу орнымызда 1997 жыл ірі тарихи оқығалармен ерекшеленеді.

1997 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай жоғары мектебіне оқу орнының Туы табыс етілді.

1997 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай жоғары мектебіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев келді, ол елдегі ішкі істер органдары үшін жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау бағытындағы педагогикалық ұжымның ұжымның жұмысына жоғары баға берді. Елбасымыз болған ведомствалық жоғарғы оқу орындарының ішінде біз алғашқы болды. Ұлт Көшбасшысы құрметті қонақтар кітабына «Қостанай жоғары милиция мектебінің қызметкерлеріне және тыңдаушыларына Отанға адам және мінсіз қызмет етуін тілеймін» деген тарихи жазба естелігін қалдырды.

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет» деген сөзін тілге тиек етіп, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы осы бағытта еңбек етуден аянбайды.

МҚП кафедрасының аға оқытушысы

полиция капитаны М.Смагулов