Тәжірибелі қызметкермен кездесті

2017 жылғы 19 сәуір күні кураторлық сағат уақытында 314, 315 оқу тобының курсанттары оқу тобының кураторы полиция капитаны Венера Касенованың ұйымдастыруымен біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан пробация қызметінің қызметкері әділет аға лейтенанты Алтыбаев Алмат Салауатовичпен кездесті.

Кездесу барысында болашақ қызметтері әлеуметтік жұмыс саласына қатысты «әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын курсанттарға пробациялық бақылау мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, қылмыстық әрекеттің қайталануының алдын алу, шартты түрде сотталғандардың жалпы қабылданған әлеуметтік, моральдық және құқықтық нормаларын сотпен және заңмен белгіленген міндеттерін орындауды бақылау жолымен жүргізу туралы түсіндірілді.

Шартты түрде түрмеге қамаумен салыстырғанда, сот бас бостандығынан айыруды тағайындаған кезде, сосын оның орындалуын белгілі бір мерзімге қалдырса, пробация тағайындауы жағдайында үкім шығарудың өзі пробация кезеңіне қалатыны туралы да айтылды. Тәжірибелік қызметкер курсанттармен болашақ мамандықтарына қатысты тәжірибімен бөлісті. Кездесу соңында тәжірибе мамандары курсанттардың қойған сұрақтарына жауап берді.

В. Касенова

314 оқу тобының кураторы

полиция капитаны