Қостанай облысы ІІД мұражайына саяхат

Қазақстан полициясының 25 жылдығын тойлау қарсаңында және курсанттардың мәдени және патриоттық сезімін арттыру мақсатында 2017 жылдың 11 сәуір күні Күндізгі оқыту факультетінің 310 взвод курсанттарымен Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің мұражайына бардық.

Департаменттің жаңартылған мұражайында жаңа экспозициялар пайда болып, стендтерге көптеген материалдар қойылды. Сонымен қатар, мұражайда 80-90 жылдардағы милиция қызметкерлерінің қызметінде қолданылған техникалық жабдықтар – көлік, байланыс құралдары және т.б. қойылған.

Отставкадағы полковник П.Г. Щедрин қызықты және мазмұнды кең көлемді экскурсия өткізді. Ол Қостанай облысы ішкі істер органдарының құрылу кезеңдері мен қызметкерлерінің алдына қойылған негізгі міндеттерімен таныстырды.

Өзінің шолуында П.Г. Щедрин Қостанай облысы ішкі істер органдарының қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі қаза болған қызметкерлерінің ерліктері туралы айтты.

310 взвод курсанттары экспозициялармен үлкен қызығушылықпен танысты. Өткізген экскурсиясы үшін П.Г. Щедринға үлкен алғыстарын білдіріп, Қостанай облысы ІІД мұражайы өзінің экспозициялары мен қызықты ақпаратымен қызықтырғандығы туралы айтты.

МҚП кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

Д. Карымсакова