ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ ҮЛЕС ҚОСУ

Жан дүниесі бай, рухани әлемі таза ұрпақ тәрбиелеуде білім мен тәжірибені ұштастыру өте маңызды құбылыс. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында үнемі тағылымы мол, тәжірибелі тұлғалардың өмір жолдары зерделеніп олармен әрдайым кездесулер өткізіліп, сан-салалы сарабдал жолдары сараланып отырады. Мақсат ел қорғаны болар жас жеткіншектердің мамандықтарына деген мақтаныштарын ояту, Шырақбектің шығармашыл ізбасарларын бәсекеге қабілетті маман етіп дайындау. Мұндай жұмыстар Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 25-жылдығына орай одан сайын артуда.

Осындай тәрбиелік іс-шаралдың бірін 2017 жылдың 12 сәуірі күні 301,308 оқу тобының кураторлары полиция майоры А.Б. Ақылбекова мен полиция аға лейтенанты А.А. Қаражан кураторлық сағаты барысында ҚАЖ бақылау қызметінің қыр-сырымен таныстыру үшін біздің қара шаңырағымыздағы біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушыларын шақырып, кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге Алматы облысы бойынша ҚАЖД-нің ЛА-155/4 мекемесінің бақылау қызметі бөлімінің бақылаушысы, әділет аға сержанты Ж.С. Тоқбай және Атырау облысы бойынша ҚАЖД-нің УГ-157/11 мекемесінің бақылау қызметі бөлімінің кездесу бөлмесінің бақылаушысы, әділет серженты А.С. Қазымова қатысты. Қонақтар жібі үзілмей ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан, жаңа заңнамалардың әсерінен жетістіктерге жетіп жатқан құқық қорғау органдарындағы қызықты жаңалықтарымен бөлісіп, кездесуге қатысқан қауымның көңілінен шықты. Осылайша кездесуге қатысушылар тағылымы мол жиыннан құқықтық саналы және құқықтық мәдениетті қызметкерлерге тән руһани азығын алды.

Академия бүгін де осындай біліктілігі жоғары мамандармен кездесулер ұйымдастырып тәрбиелік жұмыстарын жүргізу арқасында Республикамыздағы құқық қорғау органдарының мамандарын дайындауда көш бастап келе жатқан оқу орындарының бірі.

308 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты А. Қаражан