Қазақстан Республикасының ғарышкерлері

2017 жылдың 12 сәуір күні ғарышкерлер күнің мерекелеу аясында кураторлармен пролиция майор  А. Ақылбековамен, полиция капитаны Б. Алпеисовпен және полиция аға лейтенанты А. Қаражанмен бірлесіп КОФ 301, 308, 309 оқу топтарында танымдық сағат өткізілді.

Мақсаты: Ғарышқа тек қана өте білімді, денсаулығы мықты, спортпен үзбей шұғылданып, еңбеккер адамдар ұшатынын ұқтыра отырып, курсанттарды еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оята отырып тәрбиелеу.

Танымдылық сағат барысында Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров туралы және одан кейінгі төрт жылдан кейін қазақ азаматы Т. Мұсабаев ұшқаны туралы және 2015 жылы 2 қыркүйекте ғарышқа ұшқан Айдын Айынбетов туралы қысқаша ақпараты берілді. Сонымен бірге ғарыш айлағы Байқоңыр туралы айтып кеттік.

301 оқу тобының кураторы

полиция майоры

А. Ақылбекова