Саптық дайындық

Қостанайға көптен күткен көктем келіп, ауарайы бір қалыпқа түскелі бірнеше күн болды. Күннің шуағын шашып жылынып, академия курсанттарына саптық даярлық өткізуге қолайлы  мүмкіндіктер болып тұр.  Әсіресе әлі де саптық даярлықты қажет ететін 1 курс курсанттарына саптық даярлық өткізу ауадай қажет екендігі жасырын емес.

Наурыздың  11-і күні 1 курс курсанттары академия саптық алаңына шығып саптық даярлық өткізді. Саптық даярлықты 1 курс бастығы полиция подполковнигі Ә.Тажмуханов өзі өткізіп, қадағалады. 1 курс курсанттары саптық  даярлықтарын шыңдап, курс бастығы болған кемшіліктердің барлығын ескертті. Көптен ауа-райына байланысты өткізілмеген саптық даярлық 1 курс курсанттары үшін пайдалы жағын көрсетті. 1 курс курсанттары бір сағат бойы саптық алаңда даярлық өткізсе де, тағы бір сағатқа дайын болғандарын көрсетіп, өздерін сергек сезінді.

Қазіргі 1 курс курсанттарының саптық даярлығын олардың оқу жылы басындағы даярлығымен салыстыру мүмкін емес. Қазір олар жоғарғы курс курсанттарымен бір деңгейде болмаса да, олардан кем емес. Енді ауа-райы қолайлы қалыпқа түссе, 1 курс бастығы полиция подполковнигі Ә.Тажмуханов саптық даярлық жиі өткізілетінін курсанттарға жеткізіп, олардың саптық даярлыққа немғұрайлы қарауға болмайтындығын ескертті.

                                                                          1 курс курсанты Д.Әділдәбеков