Спорт майталмандары өзара бас қосты

2017 жылғы 1 сәуір күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы ІІМ 8 оқу орындары арасында «спорт және дене дайындығын жетілдіру» атты спортшылар бас қосқан дөңгелек үстел өтті.
Бас қосуға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 13 команданың жауапты өкілдері қатысып, өзара пікір алмасып, тәжірибелерін ортаға салып, ой бөлісті.
Дөңгелек үстелге Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Сергей Бачурин қатысып, келген қонақтарға алғысын айтып, ертең өтетін үлкен жарыста жауырындары жерге тимей жеңіспен оралуларына тілектестік білдірді.
Бұл іс шара ертең 2 сәуір күні өтетін ҚР құқық қорғау органдары ведомстволық оқу орындары арасында самбо күресінен және жауынгерлік самбодан генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаев атындағы І-ші кубогіне орай ұйымдастырылды..
Спортшылар самбо күресі барысында 11 салмақ дәрежесінде белдеседі.

Академияның баспасөз қызметі