Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын талқылау жұмысы  

2017 жылдың 24 наурыз күні Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтің 2017 жылғы 31 қаңтарда жолдаған жолдауына арнадым.

Жолдаудың аты: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жағандық бәсекеге қабілеттілік» — деп аталады.

Болашақ ұрпақ ол сендерсіңдер. Осы жолдауда бәріміздің болашағымыздың мәнді әрі сәнді болуына арнайды. Президентіміз «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз» — деді. Яғни біз мемлекеттік қызметкер болғандықтан ең алдымен ілгерілікті біз танытуымыз керек.

Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр.

Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте.

Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!

102 топ кураторы

полиция майоры

Жуматов Канатбек