Демалыс күндер

«Наурыз» Мейрамына орай елімізде бес күн демалыс бекітілген еді. Осы бес күнге барлық курстарда демалыс күндерінің жоспары құрылды. Жоспар демалыс күндері курсанттарымыздың пайдалы істермен айналысып, түрлі қызығушылық арттыратын сайыстар өткізу басты мақсаты.

1 курста өткізілген сайыстық іс-шаралар өте ауқымды болды. Әрбір күн курсанттар үшін ерекше сезілді. Өйткені олар әр күні тұрғаннан алдарында тұрған сайысты ойлап, өзд ерінің топтарының намысымен, күштіліктерін дәлелдеуге ұмтылды.

2017 жылдың 20 наурызында  курста  шахматтан  жарыс өткізілді. Курстың оқу аудиториясында өткізілген жарыста, өзінің мықтылығын Тәжікістан Республикасынан келген қонақ курсант полиция қатарындағы Курбонзода Раджабали көрсетіп, қарсылас шақ келтірмеді.  Раджабали осыған дейін де, академия аумағында да, және одан тыс өткізілген жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүрген-ді. Бұл жолы ол өзінің мықты екендігін тағы бір анықтап берді.

2017 жылдың 23 наурызында курс топтары арасында саптық әннен сайыс өткізілді. Саптық алаңға 1 курс жеке құрамын толығымен саптап, өз басшылығымен өткізген 1 курс бастығы полиция подполковнигі Ә.Тажмұғанов өз сөзінде: «бұл сайыс Наурыз мейрамына арналатындығын, сондықтан да жүлдегер топтарға сыйлық дайындалғанын» — айтты. Саптық әндерді орындуға курс бастығы қыздардың 3 тобында қатыстырды. Қыздардың сайысқа жақсы дайындалғаны, олардың ұлдардан кем айтпағындығымен көрінді.

Саптық сайыста әрбір топ өзінше ерекше әндер таңдап, оларды керемет орындай білді. Сайыстың қорытындысын бойынша 3 топ қыздары 1-ші орынды иеленді. Бұндайды күтпеген ұлдарымыз тек 2-ші, 3-ші орынмен қанағаттанды.2-ші орынға 108 топ йе болса, 110 топ 3-ші орынды мінсе тұтты. Барлық жүлдегер топтарға курс бастығы полиция подполковнигі Ә.Тажмұғанов сыйлықтарымен марапаттады.

Академия баспасөз қызметінің

Мүшесі 1 курс курсанты

Полиция қатарындағы   Д.Әділдәбеков