Академия ханымдары құрметке бөленді

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамы. Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.

Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер адам жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысым шексіз!

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.

Алаштың ұлтжанды азаматтары, ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, діңімізді де, ділімізді де ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақты тәрбиелейтін қыздарымыз. «Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» деген сөз әлемді билейтін де, тербейтін де әйел екенін білдіреді.

Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, қарындастарымыз өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат.

Қазіргі таңда ел болып жер — жерлерде халықаралық айелдер күнін барша ер азамттар құшақтарын гүлге толтырып, қошеметке бөлеп жатқаны баршамызға аян.

Осы бір ұлық мерекені Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек қабылбаев атындағы қостанай академиясы да өз қал — қадірлерінше атап өтіп, барша қыз келіншектерге гүл шоқтарын беріп марапаттады.

Көңілден тыс қалмаған бикештер акт залда ұйымдастырылған концерттік бағдарламаның құрметті қонағы болды. Барлық академиядағы ханымдарды Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов құттықтап, оларға жылы лебізін білдіріп, құрмет громаталар, арнайы атақтар және ІІО үздік медалдарымен марапаттады.

Қошеметке кенелген ханымдар концерттен кейін көңілді көтеріңкі күйлерімен тарқасты.

Тәрбие жұмысы бөлімі