Самбо күресінен жастар арасында облыстық чемпионат өтті

2017 жылғы ақпанның 18-20 аралығында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорткешенінде cамбо күресінен жастар арасында облыстық чемпионат өтті.

Бұл жарыс әлемнің 2-дүркін жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ермағамбетов Нұржан Бегайдарұлының 50 жас мерейтойына арналды.

22_02_1

Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Сергей Николаевич Бачурин өз құттықтау сөзін төмендегідей жеткізді;

-Бүгінгі академияда ұйымдастырылып отырған іс шараның маңызы өте зор. Өткені Нұржан Бегайдарұлының 50 жас мерейтойына арналып ұйымдастырылып отырған ерлер мен әйелдер арасындағы самбо және еркін күрес спорты бекерден бекер өткізіліп отырған жоқ. Палуан ретінде Нұржан самбодан және еркін күрестен үлкен жетістіктерге жетіп және де осы уақытқа дейін барлық спорт түрлерін дамытуға өз үлесін қосып келеді. Оның ішінде біздің оқу орнымызға демеуші және әділ төраға ретінде қанша ма рет жақсылығын аямай келеді.

Сергей Николаевичтің құттықтау сөзінен кейін туған күн иесі Нұржан Бегайдарұлының иығына қазақтың ұлттық шапан жауып, жылы лебіздерін білдірді.

Қостанай облысының жоғары спорттық шеберлігі мектебінің директоры Абикенов Аманбек Шакенұлы өз сөзінде қатысатын спортшыларға сәттілік тіледі және Нұржан Бегайдарұлының мерейтойына байлынысты құттықтау сөзінде болашақта үлкен жетістіктерге жетуін тіледі.

22_02_2

Жарысқа келген кұрметті қонақтар өз жылы лебіздерін білдіріп сыйлықтарын тарту етті. Олардың арасында Науырзым аудандық балалар-жасөспірім спорт мектебінің директоры, ауданның құрметті азаматы, жоғары ұлттық дәрежедегі төрешісі Байдильдинов Серікбай Қажыұлы, Еуропа ойындарының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы жасөспірімдер құрама командасының бас жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Маханбетов Қарысбек Сайдуаұлы бар.

Бас төреші жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Өтенов Бағдат Қаменұлы болды.

Классикалық күресінен КСРО спорт шебері, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры қазақ күресінен ҚР-ның еңбегі сіңген жаттықтырушысы Сәрсенбаев Олжабай Қажығалиұлы қатысты.

22_02_3

Сондай-ақ басқа да құрметті қонақтар төреден орын ала білді, олардың арасында самбо күресінен шеберлер арасындағы әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Куставлетов Бегайдар Ахметбекұлы, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, ҚСРО спорт шебері, шеберлер арасындағы әлем чемпионатаның бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, Қостанай қаласының құрметті азаматы Аубакиров Бейсенбай Байсағызұлы, спорт ардагері, ҚР Универсиадасының жеңімпазы Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлы, самбо күресінен КСРО спорт шебері, шеберлер арасында әлемнің бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі төреші Тулепов Мейманбек Абдукадырұлы, дзюдо күресінен КСРО спорт шебері, Халықаралық дәрежедегі төреші Мовчан Евгений Васильевич және спорт ардагері, шеберлер арасында әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Заднепрянный Игорь Владимирович     болды.

22_02_4

Жарыстың төрешілер алқасы:

Самбо күресінен

  1. Бас төреші Жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Өтенов Бағдат Қаменұлы.
  2. Бас хатшы ҚР-ның Ұлттық дәрежедегі төрешісі Сорокин Иван Сергеевич.

Еркін күрестен

  1. Бас төреші Маханбетов Қарысбек Сайдуаұлы.
  2. Бас хатшы жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының оқытушысы, ҚР-ның ұлттық дәрежедегі төрешісі Ақылбеков Айдарбек Әбдіғалиұлы.

Бұл жарыс самбо күресінен жастар арасында, еркін күрестен және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасы чемпионаттарына іріктеу болып табылады

Академияның курсанттары бұл жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп Қостанай облысының құрамасына кірді. Олардың ішінде: еркін күрестен

1 орын 3 курс курсанты Ануаров Жолдасбек,

2 орын 2 курс курсанты Шералы Елдос

3 орын 3 курс курсанты Минтаев Султан, 2 курс курсанттары Шалқарбаев Жалғас, Болатов Бахтияр.

Самбо күресінен

1 орын 2 курс курсанттары Оразымбет Бексұлтан, Қожабеков Қажығали, 1 курс курсанты Сабит Жан.

2 орын 1 курс курсанты Айбек Жайлау.

3 орын 2 курс курсанттары Бедельбаев Дархан, Қадырбай Жандос.

Жарысқа қатысқандардың жалпы саны 200-ге жуық адам, 15 команда.

22_02_10

22_02_5 22_02_6 22_02_7 22_02_8 22_02_9