«Екі жұлдыз»

2017 жылдың ақпан  айының 9 күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2-3 курс курсанттары Қостанай қалалық ардагерлер ұйымының басшылығымен ұйымдастырылған «Екі жұлдыз» байқауын «Мирас» мәдениет үйінде тамашалады.

10_03_1

Байқауға Қостанай, Рудный қалаларынан  онға жуық аға буын қарттар мен жастар дуэтпен біріге отырып ән шырқады.

10_03_2

Көрермендер қатысушылардың дауыстарына тамсанып, өнерлеріне тәнті болды.

Байқаудағы қазақ, орыс, украйын және тағы басқа тілде тамылжыта шырқалған «Отан», «Туған жер», «Ана» тақырыбындағы әндер арқылы жастарды ұлт аралық татулыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу екенін түсінді.

10_03_3

Сайыскерлердің барлығы да марапатталып сый сыйапатқа бөленді.

Байқаудың жыл сайын жалғасатынын ардагерлер ұйымының басшылығы айтып өтті.

Курсанттар тамашалаған іс-шараға Академия атынан

ризашылықтарын білдіріп қатысушыларға гүл шоқтарын сыйлады.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі,

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Советов Бексұлтан