«Универсиада-2017» алауын жақты!

01_02_1

Универсиада-2017 бүкіләлемдік спорт бәсекесіне әлемнің 59 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Студенттер арасындағы әлемнің ең ауқымды спорттық іс-шарасы Қостанай қаласында да салтанатты түрде болып өтті. Аталған жарыс медальдарына ие болу – әр студенттің басты арманы, мемлекеттің саяси және экономикалық жағынан мықты әрі қарқынды дамуының белгісі екенін барлық спортшы жанкүйер жақсы түсінеді.

01_02_2

Алматы қаласында өтіп жатқан 2017 жылғы бүкіләлемдік қысқы универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты белгілейді.

01_02_3

«Универсиада-2017» алауы 25-қаңтардан бастап 5 күн бойы Астана және Алматы қалаларымен қоса 14 облыстық орталықты айналып өтеді. Қаңтардың 26-шы жұлдызында универсиада алауы Қостанай қаласына да келіп жетіп, Алматы қаласынан аяқталады.

01_02_4

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының да универсиадаға өзіндік қосқан үлестері зор. Қостанай академиясының IV- курс курсанттары Универсиада ашылуы кезінде Қостанай ІІД қызметкерлерімен бірге қала ішінде тәртіптің сақталуын толықтай қорғап, құқық бұзушылықтардың уақытында алдын алып отырды.

Елімізде өткізіліп жатқан Дүниежүзілік «Универсиада-2017» қатысып, күш сынасып жатқан студенттерімізге тек қана саттілік тілейміз! Еліміздің көк байрағын биікке желбірете беріңіздер!

 4 курс бастығының орынбасары

 полиция лейтенанты             

 М.О.Кабылдин