Балалар үйінің бүлдіршіндері жаңа жылдық сыйлықтарға қарық болды 28.12.2016 ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс бастығы полиция капитаны М.Мурзагалеев бастаған және курсанттар қостаған қайрылымдық тобы әдеттегідей дәстүрге айналған қайырымдылық ісін бұл жылы да ұмыт қалдырған жоқ. Курсанттар 2016 жылдың 28 желтоқсанында «Дельфин» балалар үйінің тәрбиеленуші жасөспірімдерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап қайтты. Өз құттықтау сөзінде курс бастығы Марат Серікұлы балаларды Жаңа жылдарымен құттықтап, денсаулықтарының мықты, көңілдерінің көтеріңкі болуын және оларға білікті маман болып қалыптасуына, кейін елді нығайтуға өз үлестерін қосу үшін жақсы оқу керектігі жөнінде айта отырып, Жаңа жылда барлық армандарының орындалуын тіледі. Мереке қарсаңындағы кездесу, шырша мерекесіне ұласып, балаларға сыйлықтар тапсырылды. Жаңа жылда бір ғажайыптың болатынын күтетін бүлдіршіндерге түрлі көлемдегі ойыншықтар, жаңа жылдық тәттілер сыйға тартылды. Қуанышты ортада өткен мерекелік іс шара балалардың көңілін аулап, жаңа жылды жақындатуға өз үлесін қосты. Балалар өз кезегінде, қонақтар үшін арнайы әзірленген концерттік бағдарламаларын ұсынып, сыйлықтарға дән риза болды. Курсанттар баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы полиция қатарындағы Маликова У.