Қалыбек Деріпсалдин ағамыздың еңбегі бағаланды

Биыл Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы елімізде өз деңгейінде барынша тойланып жатыр. Елдің дамуына, көркеюіне зор үлес қосқан азаматтар мемлекет деңгейінде зор марапаттарға ие болуда. Осындай тамаша іс-шараның бірі Қостанайда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып өткізілген марапаттау кешін айтуға болады. Бұл іс-шараға еңбек ардагерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, білім, ғылым қызметкерлері т.б қонақтар шақырылды.

Осы марапаттау кешінде әріптесіміз, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкері, Қазақтан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,  белгілі әнші-композитор, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі Қалибек Деріпсалдин Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл медальді Қалыбек ағамызға салтанатты марапаттау кешінде Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов  көпшіліктің алдында табыстады.

Бізде қуанышқа келген әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып, отбасына бақыт, еңбегіне шабыт тілейміз. Қашанда абыройыңыз жанып, еңбегіңіз бағалана берсін.

22_06_1

22_06_2 22_06_3

Академияның баспасөз хатшысы

Мейрам Оспанов