“Үстел теннисінен сайыс” 20.12.2016 17 – желтоқсанда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында, академия курсанттары арасында «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына» орай үстел теннистінен жарыс додасы өткізілді. Бұл сайысқа 2 – курс тарапынан Серікбай Табысбек және Қарашев Арсылан сынды курсанттар ат салысты. Ойын басы өте қызықты басталып, орта тұсқа ауа одан сайын қызығы жандана түсті.Қарсыластар бірін – бірі алма – кезек ұтып жатты. Тартысқа толы өткен бұл сайыста 2 – курс курсанты Қарашев Арсылан жеңіске жетіп, курсты тағы да 1 – ші орынға жетеледі. 2 курс курсанты полиция қатарындағы Тұрсынбай Думанжан