“Махаббат қызық мол жылдар”

12_10_1

Желтоқсанның 10-күні ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 курс курсанттары, Қостанай қаласының қазақ драма театрында көрсетілген Ә.Нуршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар” атты романының театрлық қойылымында көрермендер қатарынан орын алды. Бүгінгі көрген көрініс бізді қатты толғандырды. Бұл көрініс сонау қазақ бабамыздың қиыншылығын көрсетті, сол 1941-1945 жылдар аралығындағы 4 жыл соғыстан еліне оралған Ерболдың махаббатын көрсетті.

Махаббат пен қызығы мол жылдар жастық шақ жайлы бұл көрініс барша жастарға яғни бірге арналған.

Роман деп осыны айт. Барлық ұлдар Ерболдай болмасада барлық қыздар «Ментайдай» болса ғой шіркін.

Бұл романның авторы Әзілхан Нұршайықов. 1970 жылы жазған. Бүгінгі көріністе автор соғыстан 12 мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай барша залға паш етті.

Көріністе Ерболдың 33 аудиторияда өзін гүлге толы сезінуі, қыздардын тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын, өз махаббатын табуы, болашағына жол ашып, өз жолын табуы да тағы баяндалады.

Махаббат қызық мол жылдар деп осыны айт. Әрине ақыр соңында қос ғашықтың қосылып, махаббаттары баян тапқандай болып, көңіліміз көтеріңкі бола бергенде, Меңтайдың қазасы қуанышымызды су сепкендей басты, тіпті көзімізге еріксіз жас келді. Осылайша керемет болған бұл қойылым аяқталып, көрермендер жалынды сезіммен тарқасты.

12_10_2

12_10_3

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Советов Бексұлтан