Курсанттардың қысқы маусымы ашылды

2016 жылдың 26-27 қарашасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жеңіл атлетика бойынша құрама командасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Лисаковск қаласының чемпионатына  қатысты. Осы сайыстарда 200 — ден астам спортшылар қатысты. 300 метр қашықтықта 39,5 секунд нәтижесімен 4 курс курсанты Холов Акмалджон чемпион атанды. Қыздардың арасында 1000 метр қашықтықта 1 курс курсанты Чуминова Ольга бірінші болып келді. Ең ұзын 2000 метр қашықтықта күміс медаліне 1 курс курсанты Куттыбаев Мадияр ие болды. Оқу орындарының арасында жалпы командалық есепте ҚМПИ және Челябі мемлекеттік университетінің күшті командаларын басып алып, біздің оқу орнының құрама командасы турнирдің жеңімпазы болды.

30_07_1 30_07_2 30_07_3

ЖжДД кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры  М. Кенжекиев