КӘСІПТІК БАҒДАР ЖҰМЫСЫ 24.11.2016 Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция капитаны Т.С.Тулубаев және Алтынсарин аудандық ішкі істер бөлімі ювеналдық полициясының аға инспекторы полиция майоры Б.О.Мұхамедьяровпен бірге 2016 жылдың 18 – 19 қараша күндері Алтынсарин ауданында Силантьев және Большая-Чураковка орналасқан жалпы білім беретін орта мектептерде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді. Оқушыларды Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсуге шақыра отырып, оқуға қабылдану тәртібі мен талаптары толық түсіндіріліп өтті. Оларға біздің оқу орны жайлы қысқа бейне фильмдер, презентациялар көрсетілді. Сонымен қатар Академияның қазіргі таңдағы жетістіктері мен артықшылықтары туралы айтылды. Оқушыларда оқу орнына түсуге қатысты мәнді де орынды сұрақтар болды. Бұл сұрақтарға Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының КОФ 3 курс курсанты Т.Е.Агибаев және 4 курс курсанттары К.К.Кенесбаев, Е.С.Абулгазимов дәл және нақты жауаптар берілді. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында 2017 жыл абитуриенттеріне Қостанай академиясына оқуға түсу туралы толық мағлұматтар айтылды. Оқушылар назарына Академия жайлы түсірілген қысқа метражды бейне фильмдер ұсынылды, оқу орны туралы толық таныстырылып, қажетті ақпараттар мен байланыс телефондары қалдырылды. Т. Тулубаев тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция капитаны