Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Кайнар Ерболат Ержанұлының ОҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департамент қызметкерлеріне арнайы дәріс өткізді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласына қызметтік іссапарға барған Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Кайнар Ерболат Ержанулымен ОҚО  бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Әділбек Досмағамбетовтың өтініші бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлеріне арнайы дәріс жүргізілді.

17_04_1

Кайнар Ерболат Ержанұлы қазіргі кезеңдегі пенитенциарлық жүйесіндегі ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу мен оларқа қарсы іс-қимылдарын жетілдіру бойынша жүргізілді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің осы мәселеге қатысты 2006 жылғы 25 қыркүйектегі №906 «Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару саясатын жетілдірудің 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығының негізгізінде қылмыстық субмәдениеттің  бас бостандығынан айыру орындарында сотталған азаматтардың түзелуіне кері әсерін тигізіп олардың қылмыс жасауларына себеп болып жатқаны және тұжырымдаманың негізгі мақсаттарының бірі болып бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстық субмәдениетпен күресудің тиімді жолдарын әзірлеу ұсынылған зерттеу нәтижелерінен келіп түсетін өзгерістер бойынша айтылды.

17_04_2

Кайнар Ерболат Ержанұлының осы тұжырымдамасына сай зерттеу жұмыстары бойынша өзінің заңдарға енгізіп жатқан өзгерістері мен ұсыныстарын және ҚАЖ мекеме қызметкерлерінің ұсынылған өзгерістермен жұмыс атқару тәртібімен таныстырып өтті.

Қосымша ретінде ҚАЖ департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа және сотталғандар мен қызметтік емес қарым-қатнастарға түспеуі жайлы тәрбиелік мағынадағы сұхбаттар жүргізілді.

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы