Қостанай академиясында алғашқы рет «Үздіктер» слеті өтті.  

«Мереке болған жерде береке де» болатыны рас. Адам баласы күн көру үшін ақша табады, ақша табу үшін жұмыс жасайды. Кейде сол жұмыстардан, табыс табудан жалығатын кезін болып, жұмысқа деген қызығушылығында басылады. Содан сапасыз жұмыстар пайда болып, кейде кері әсерін тигізіп жатады. Осындай кезде барлық жұмысынды тастап театр немесе концертке барып, демалғың келеді. Бұл кезде ақылды басшың сені түсінсе жақсы ғой, ал түсінбей жұмыстың үстіне жұмыс қосып берсе, өте қиын. Ал біздің оқу орнымыз Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызылов қатаң тәртіппен бірге, мерекелік концертті ұйымдастырғанды жақсы көреді. Ол кісінің бір сөзінде «кім қарқынды жұмыс жасаса ол адам міндетті түрде де демала білу қажет» — деді.

03_01_1

Жақында ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында алғашқы рет Қостанай өңірінде академияның «оқу үздіктерінің» слеті өтті. Бұл ауқымды іс-шара Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлының тың бастамасы еді. Қостанай қалалық «Мирас» мәдениет үйінде ұйымдастырылған іс-шараның шымылдырығы ашылған сәтте-ақ барлық курсанттардың жүрегіне ұмытылмас патриоттық сезім ұялатты.

03_01_2

Мерекелік кеште өзінің жүрек жарды құттықтауымен Академия бастығы барлық курсанттарды «үздіктердің» слетімен құттықтап, барлығын оқуда озат болуларына тілектестік білдірді.

03_01_3

— Бүгінгі үздіктер слеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, сонымен қатар Академияның оқу орны болып  құрылғанына  45 жыл және Қостанай облысының 80 жылдық мерейтой шеңберінде өткізіліп отыр. Сіздердің білім нәрімен сусындап жатқандарыңыз  ол мақсатқа ұмтылу, білімдеріңізді толықтыру, жасампаздық еңбектеріңіз және жеке тәртіптеріңіз өзгелерге үлгі және ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыз үшін ұлы мақтаныш деуге болады.

03_01_4

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол»  атты Қазақстан халқына Жолдауында.;

03_01_9

— «Мен жастар — біздің болашағымыздың  тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» – деді,.

03_01_6

Сіздерге оқуда ғана үздік болуды емес, өмірде де үздік болуды тілеймін!

Мен Сіздердің өз ісінің нағыз  кәсіби маманы болатындарынызға, жаңа білім мен идеяларды дамытуға қабілетті және инновациялық жаңашылықдықтарды жасауға, біздің еліміздің табысты болуына және гүлденуіне үлес қосатындарыңызға сенемін, — деді.

03_01_7

Мирлан Ахмедияұлының құттықтау сөзінен кейін сахна төріне Академияның оқуда үздік курсанттары сап түзеді. Арасында үздіктің үздігі 4 курс курсанты, ҚР Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес, оқуда үздік оқығаны үшін «Оқу орнының үздігі» төс белгісімен марапатталған Маржан Әбілхайыр барлық курсанттардың алдында құттықтау сөз сөйлеп, өзінен кейінгі курсанттарға сабақта және қоғамдық жұмыстарда үздік болуға шақырып, үндеу тастады.

03_01_8

Жалпы бүгінгі таңда Академияда 65 курсант оқу үздігі. Бұл көрсеткіш академиялықтар үшін алдыңғы жылдармен салыстырған өте керемет көрсеткіш. Тіпті бүгінгі «үздіктер» слетінен кейін үздіктер саны тағыда артатына сенімдіміз. Өйткені осы слетке қатысқан көермен курсанттардың арасынан да «келесі жылы менде  оқуымды жақсы оқып, үздіктер қатарынан көрінемін деп» дегендерде құлағымыз шалып қалды.

03_01_10

Жалпы тың бастама жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. «Үздіктер» слетінде биылғы жылы курсанттар арасындағы мақтанышымыз, академиямыздың түлектерінің арасында алғашқы болып Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз қолынан  арнайы «лейтенант» шенін алған  Нұрсұлу Есенгельдина да арнайы шақырылып, қадірменді қонақ болды.

Сахына төріне көтерілген Нұрсұлу барша қонақтарды айтулы күнмен құттықтап, академияда білім алғанына оны үздік бітіріп, Елбасының қолынан шенін алғанына мақтан тұтатынын жасырмады. Соңғы уақытта ел ішінде қарқынды дамып, атақ — абыройы асқақтап келе жатқан Академияның болашағынан әлі де зор табыстар күтетіне сенім білдірді. Бұл менің басыма қонған бақытыма себепші болған әрине сіздердің арқаларыңыз екенін ешқашан ұмытпаймын, және де барлық жүрген жерімде мақтанышпен айтып жүремін, — деді.

03_01_5

Қонақтардың, курсанттардың құттықтауларынан кейін, аталмыш іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Бұл үздіктер слеті Қостанай өңірінде тіпті, Қазақстанда алғашқы болып ұйымдастырылып отырғаны жасырын емес. Тың бастаманың ғұмыры ұзақ болғай дейміз. Өйткені білімділер бар жерде ілгерлеу болатыны баршамызға аян. Сондықтан Академияның мерейін асқақтатып отырған Мирлан Ахмедияұлына, терең білімдерімен өзгелермен терезе теңестіріп отырған курсанттарға әрқашанда сәттілік тілейміз.